Халықаралық апталықтың ашылу салтанатына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, профессор Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасындағы Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшілігінің үшінші хатшысы, Түрки әл-Мәлики, Сұлтан бен Абдулазиз Әл Сауд қайырымдылық қорының бас директорының орынбасары, доктор Абдулазиз әл-Мақуши мен қордың кейінгі операциялар бөлімінің бастығы, доктор Сүлейман әл-Омари, ИСЕСКО ұйымының өкілі, доктор Анас Хусам ан-Нуайми, дінтанушы, исламтанушы жәнк шығыстанушы ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысты.
Жиынды Философия және саясаттану факультетің деканы философия ғылымдарының кандидаты, профессор Бекжан Мейірбаев ашып, семинардың өзектілігіне тоқталды.
«Бұл жоба Қазақстан мен Ислам әлемі арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты тереңдетіп, араб тілін рухани және ғылыми интеграцияның маңызды құралы ретінде дамытуға бағытталған. Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы – ИСЕСКО ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ИСЕСКО ұйымымен бірнеше жылдан бері қарым-қатынас орнатып келеді. Бүгінгі Орталық Азия, соның ішінде Қазақстандағы «Араб тілі апталығы» қазіргі кезде мамандар үшін өзекті тақырыпқа, яғни «Исламтанулық және дінтанулық зерттеулерді жүргізудегі араб тілін үйретудің ерекшеліктеріне» арналып отыр. Жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан Орталық Азия, Қазақстандағы Араб тілі апталығы біздің мамандардың тілдік машықтарын жетілдіре отырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ИСЕСКО арысындағы байланысты тағы да тереңдете түседі деген ойдамыз», - деді декан. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның Бас хатшысының орынбасары Бақберген Қойшыбаев: «Араб тілін меңгеру ғылым мен өркениетті байланыстыратын алтын көпір. «ИСЕСКО аясында 2023 жылдың 11-12 қазанында Марокконың Рабат қаласында Әл-Фарабидің мұрасын ұлықтауға арналған «Адамзат тарихына Әл-Фарабидің қосқан үлесі» атты I халықаралық конференциясында ҚазҰУ арасында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Шара барысында ҚазҰУ-дың әл-Фараби орталығы ұйымдастырған Шығыс ойшыл жайлы жазылған еңбектер мен фотокөрме өткеніне куә болдық. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ мен ИСЕСКО арасындағы байланыстардың белсенді жалғасып, ортақ шаралардың жемісті болуына тілектеспіз» дей отырып, басталған семинардың жемісті болуына тілектестігін білдірді.
Сұлтан бин Абдулазиз Әл Сауд қайырымдылық қорының бас директорының орынбасары Доктор Абдулазиз әл-Мақуши мырза осы маңызды шараның ашылуымен құттықтады. Ол өз сөзінде: «Сауд Арабиясы мемлекетінің гуманитарлық ғылымдарға бағытталған көптеген жобаларды үйлестіруде өзінің орны бар. Бұл аталмыш жоба көптеген мемлекеттік және жекеменшік тараптар көмегімен жүзеге асырылды. Сауд Арабиясы мемлекекетінің бұл қоры көп жылдардан бері араб емес ортаға арналған оқытушыларға және шәкірттерге көптеген бағдарламаларды ұсынды. Мұндай іске көңіл бөлудің негізгі себебі араб тілі өркениетті мемлекеттер арасындағы байланыс деп білеміз. Осы ана тілі араб емес тұлғаларға арналған курстарды бекіту туралы алғашқы шешім Париж қаласында қабылданған. Біздің қор бағдарламаларды даярлауда араб тілін үйренушілерге курс ұсынуда белгілі бір әдістемеге сүйенуді мақсат етті. Сондай-ақ, ЮНЕСКО ұйымы аясындағы талаптарға сәйкес білім беруді жетілдіре түсеміз. Орта Азия елдеріне арналған білім беру бағдарлмамаларын жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз» деп атап өтті.
ИСЕСКО ұйымының өкілі, осы шарамыздың басты координаторы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының серіктесі Доктор Анас Хусам ан-Нуайми:
«Ислам əлемінің білім, ғылым жəне мəдениет ұйымы – ИСЕСКО Бас директоры, мəртебелі доктор Салем бин Мұхаммед əл-Мəлік мырзаның атынан сөйлей отырып, мен Қазақстан Республикасына, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, ИСЕСКО жəне Сұлтан бин Абдулазиз Əл Сауд қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, осы ерекше бағдарламаны — «Сұлтан бин Абдулазиз Əл Саудтың халықаралық тілдік дайындық бағдарламасын» ұйымдастырғаны үшін алғыс пен ризашылығымды білдіремін.
Міне, бүгін біз бұл бағдарламаның үшінші кезеңінің Қазақстанда басталуына куə болып отырмыз. Осы игі, пайдалы, мағыналы бағдарламаның табысты өтуіне еңбегі сіңген баршаға жүрек жарды алғысымызды білдіреміз. Бұл бағдарлама араб тілін оқыту мен қолдауда болашақтағы жаңа ынтымақтастықтарға қайырлы бастау болсын деп үміттенеміз. Себебі, білім беру үдерісі ұстаз, шəкірт жəне ғылыми-əдістемелік негізделген оқу мазмұнынсыз толық болмайды. Бағдарлама араб тілін интерактивті тəсілмен оқытуды негізге алады жəне тілдің төрт дағдысын толық қамтиды: тыңдау, сөйлеу, оқу жəне жазу. Бұл əдістеме Сауд Арабиясында жəне өзге елдерде, соның ішінде Орталық Азияда өтетін алдыңғы екі кезеңде жоғары бағаға ие болды. Біз бұл игі бастаманың Қазақстанда да жалғасарына үміттенеміз. Ислам əлемінің білім, ғылым жəне мəдениет ұйымы – ИСЕСКО, өз құрамындағы 54 мүше мемлекетпен бірлесе отырып, араб тіліне əрқашан айрықша мəн беріп келеді. Ұйым араб тілін сақтау, дамыту жəне оны əлемдік деңгейде таныту үшін жекелеген де, халықаралық серіктестік негізінде де көптеген бағдарламалар мен ғылыми-ағартушылық жобаларды жүзеге асырды. Бұл жобалардың қатарында мыналар бар: Біріншіден: Араб тілін өзге тілділерге оқытатын мамандарға арналған семинарлар мен оқу курстары жобасы: ИСЕСКО соңғы қырық жыл ішінде жеке немесе осы салаға мүдделі мекемелермен бірлесе отырып, араб тілін өзге тілділерге үйрететін мұғалімдерге арналған 270-тен астам семинар мен практикалық курс ұйымдастырды. Бұл бағдарламалардан сегіз мыңнан астам ұстаз бен маман пайда көрді. Екіншіден: Араб тілін оқыту бағдарламаларын қолдау жəне араб тілі оқытушыларын жіберу жобасы: ИСЕСКО өткен онжылдықтар ішінде ислам əлеміндегі жəне одан тыс аймақтардағы араб жəне ислам білім беру ұйымдарына техникалық жəне материалдық қолдау көрсетіп, араб тілін оқытатын 900-ге жуық маманды, 29 мемлекеттен оқу орындары мен орталықтарға қызметке жіберді.
Үшіншіден: араб тілі бойынша халықаралық конференциялар, симпозиумдар жəне ғылыми форумдар жобасы: ИСЕСКО өзі немесе серіктес ұйымдармен бірлесе отырып, араб тіліне қатысты алпысқа жуық халықаралық конференциялар мен ғылыми жиындар өткізді. Солардың соңғысы — 2024 жылғы мамыр айында Катардағы Доһа тарихи сөздігі орталығымен бірлесе өткізілген «Сөздіктер жəне олардың ана тілі мен өзге тілділерге араб тілін оқытудағы қолданысы: бағалау жəне дамыту» атты халықаралық форум. Төртіншіден: Араб тілін өзге тілділерге оқыту əдістемесі бойынша ИСЕСКО-ның ғылыми басылымдары: ИСЕСКО өз бетінше немесе араб жəне ислам ұйымдарымен бірлесе отырып, араб тілін өзге тілділерге оқыту саласындағы жетекші ғалымдар жазған құнды еңбектер мен арнайы зерттеулер серияларын жарыққа шығарды.
Оқу бағдарламаларын əзірлеу, бағалау жəне əдістемелік жетекшілік ету мəселелерін қамтитын осы басылымдардың жалпы саны 85 еңбекке жетті. Бесіншіден: Ұлттық педагогикалық орталықтар мен оқу-хабтар құру жобасы: ИСЕСКО араб тілін өзге тілділерге үйрету саласындағы педагогикалық тəжірибені жергілікті деңгейде дамыту мақсатында бірқатар ислам елдерінде арнайы ұлттық оқу жəне оқыту орталықтарын құруды қолға алды.
Қазіргі таңда Чад жəне Малайзияда екі орталық, Өзбекстан, Бенин жəне Нигерияда үш өңірлік оқу хабы, Гвинея мен Ресей Федерациясында екі университеттік кафедра, сондай-ақ Комор аралдарында ИСЕСКО педагогикалық орталығы ашылды.
Алтыншыдан: Тілдік жəне мəдени байқаулар жобасы: ИСЕСКО араб тілін үйренуге ынталандыру мақсатында бірқатар халықаралық байқаулар ұйымдастырды.
Атап айтқанда: «Баян» шешендік сайысы, араб əдеби тілі бойынша цифрлық контент əзірлеу байқауы, жəне араб тілін ана тілі ретінде білмейтіндерге арналған «ИСЕСКО-ның жас дикторы» байқауы. Жоғарыда айтылғандар араб тілін дамыту жолында ИСЕСКО жүзеге асырып отырған жұмыстың аз ғана бөлігі. Бұл бастамалар жедел өзгеріп отырған əлемде араб тілінің қолданысын кеңейтуге жəне туындайтын қиындықтарды еңсеруге бағытталған берік қадамдар болып табылады.
Халықаралық апталық ары қарай үшкүндік жұмысын жалғасыратын болады.